ӨНДІРІС

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар

«Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында құрылған, күштілігі жылына 600 мың м2 өндірістік кәсіпорын.

«Kazfoam» ЖШС-ның негізгі қызмет түрі – физикалық тігілген көбіктенген полиэтилен өндіру, сонымен қатар оны ары қарай нарыққа өткізу болып табылады. Кәсіпорын өндіретін өнім Қазақстан нарығында инновациялық болып табылады.

Өнімдер:

«МұнайГазИзоляция» ЖШС «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында 2010 жылы құрылды. «ТермоИзол» сауда белгісімен шығарылатын, құбырлардың сыртын тоттанудан қорғайтын жылу ұстағыш манжеттер мен орама ленталар.

«ТермоИзол» сауда белгісімен шығарылатын, құбырлардың сыртын тоттанудан қорғайтын жылу ұстағыш манжеттер мен орама ленталар.

Өндірісте жаңа италяндық жабдық (UNION, Cattorini) қолданылады, өндірістің технологиялық процесі автоматтандырылған және компьютерленген.

Өнімі:
  • - Құбырлардың балқытылған жіктерін орауға арналған жылуұстағыш ленталар (манжеттер);
  • - Құбырлардың зауыттық және трассалық сызықтық бөліктерін қорғауға арналған жылуұстағыш ленталар;
  • - Мастикалық-битумдық және асфальттық-шайыр қабатты (бір қабатты) тоттанудан қорғауға арналған жылуұстағыш орама ленталар;
  • - Құбырлардың зауыттық полиэтилен бұзылған жерін жөндеу кезінде жамау салуға арналған жылуұстағыш жөндеу ленталары;
  • - Құбырлардың зауыттық полиэтилен ақаулығы бар жерлерін және балқытылған жіктерінің айналасын толтыруға арналған қызып ерігіш ленталық толтырғыш

Бір рет қолданылатын медициналық киім-кешектерді қазақстандық өндіруші «Мерусар және К» ЖШС - медицина мен косметология үшін тоқусыз материлдан, оның ішінде вискоздан және мақтадан жасалған стерильденген және стерильденбеген жиынтықтардың көптеген түрлерін шығарады. Қазіргі уақытта компания сапасы жағынан шетелдік өнімдерден қалыспайтын және заманауи хирургияның ең қатаң талаптарына сәйкес келетін, жаңа заманғы жиынтықтарды жасауда және сәтті игеруде. Бұл хирургиялық киім-кешекте арнайы жырық, кіріктірілген қалташалар, шеттері жабысқақ және басқа да инновациялық ерекшеліктері бар.

«Мерусар және К» ЖШС барлық медициналық клиникалардың: хирургия, кардиологиия травматология, акушерства және гинекология, офтальмология, жақ-бет хирургиясы және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыратын, жеке тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Компания өнімі сапасының жоғарылығымен, қолжетімді бағасымен ерекшеленеді. Өнім сапасы халықаралық стандарт ИСО 13485 сапасының сертификаттарымен расталған.